08:57, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Владимир Путиннің картинасы 37 миллион рубльге сатылды
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Петербургте өткен дәстүрлі рождестволық қайырымдылық аукционында Ресей премьері Владимир Путин салған «Узор» картинасы рекордтық баға – 37 миллион рубльге сатылды.
ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, картинаны мәскеулік «Наш художник» галереясының өкілі Наталья Курникова сатып алған. Сондай-ақ ең бағалы лоттардың қатарында 4 миллион рубльге сатылған бүкілресейлік Аязатаның «Хата» картинасы, 11,5 миллион рубльге сатылған Валентина Матвиенконың «Метель» туындысы бар. Саудаға барлығы 29 туынды қойылған болатын, олардың ішінде балерина Ульяна Лопаткина, опера әншісі Анна Нетребко, әнші Сергей Шнуров, актерлар Борис Смолкин мен Елизавета Боярскаялардың, басқа да танымал тұлғалардың қылқалам туындылары бар. Аукционнан түскен қаржы ауруханаларға және храмға аударылады.