Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапарынан видео жарияланды
Ақорданың баспасөз қызметі Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға ресми сапарынан видео жариялады, деп хабарлайды Kazinform.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды.
Ақордада Владимир Путинді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Артынан кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бірқатар құжатқа қол қойды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.