Владимир Седов әлем чемпионы болды

АСТАНА. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиенбай/ -  Қазақстанның ауыр атлеті Владимир Седов әлем чемпионы атанды,

Владимир Седов әлем чемпионы болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оңтүстік Кореяның Гоянг қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 94 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде 185, ал серпе көтеруде 217 килоны бағындырды. Сонымен бірінші сайыс бойынша кіші алтын, екінші сайыс бойынша кіші күміс медальді иеленген В. Седов екі жаттығудың қорытындысы бойынша 402 килоны көтеріп, әлем чемпионы атанып, алтын медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, жалпы қорытынды бойынша Қазақстан құрамасы  Қытайдан кейінгі екінші орында келеді. Бұған дейін қазақстандық екі спортшы қызымыз әлем чемпионы атанған болатын.