Владимир Седов Илья Ильинге «сәлем» жолдады

«Бүгін 2016 жылғы 11 маусым. Мен, Седов Владимир, 2009 жылғы әлем чемпионы 94 келіге дейін салмақ санатындағы Токиодағы Олимпиадалық ойындардағы екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильиннен жауап күтемін. Дүйсенбіге дейін күтемін. Егер жауап бермесең, сені қорқақ санаймын», - деді ол өзінің Instagram-дағы постында.
Қазақстан чемпионатында көрсеткен шатақ мінезінен кейін ҚР ауыр атлетика бойынша ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни оны психологиялық тұғыдан әзір емес деп санап, 2016 жылғы Олимпиадаға қатысатын атлеттердің алдын ала тізіміне қоспаған болатын.
Кейінірек ауыр атлетші өз Instagram-ында шатақ әрекетін жүйкесінің сыр бергендігімен түсіндірген. Ал жарыстан бас тартудың себебі жарақаты бар екенін айтып, дәрігерлер қорытындысының фотосын жариялады.
ҚР ауыр атлетика бойынша бас бапкері Алексей Ниден ол не үшін Риоға бармайтыны жайлы түсіндіруді сұрады.
«ҚР ауыр атлетика бойынша бас бапкері азамат Алексей Ни, мен неліктен олимпиадалық құрамада жаттыға алмаймын? Мен Риодағы олимпиада ойындарына рұқсат алғаныма қарамастан, сіз Азия чемпионатынан кейін олимпиадалық құрамамен жаттығуыма тыйым салдыңыз. Біраз адам қарсы дейсіз, не болмаса жауап беруден қашасыз?» - деп жазды Седов өз парақшасына.
Бұл ретте зілтемірші жатығуын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
«Риоға барам ба, жоқ па? Оны мен шеше алмаймын, бірақ мен Ойынға дайындалып жатырмын», - деп атап өтті спортшы, Олимпиадаға қатысуды армандайтынын мәлімдеп. Сондықтан В. Седов ҰОК басшысы Тимур Құлыбаевқа олимпиадалық құрамада дайындықты жалғастыруға мүмкіндік беру өтінішімен жүгінді.
Владимирдің айтуынша, оны Риодағы Олимпиада ойындарына жібермеген жағдайда, ол Токио-2020 Олимпиадасына дайындығын жалғастырады.