Владимир Школьник жанармайды тиімді пайдалануға шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтары жанармайды үнемді тұтынуы тиіс. Бұндай пікірді бүгін Парламентте тілшілер сауалына жауап беру кезінде ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник айтты.
None
None

«Барша әлемде үнемдеп жатыр және бұндай қадамды жүзеге асыру қажет. Осы орайда мен жанармайды үнемдеуге көшуге шақырамын», - деді министр. Оның пайымынша, мүмкіндігінше жұмысқа үлкен жол талғамайтын көліктермен барудың реті жоқ. Бұл өз кезегінде қала көшелеріндегі кептелістерге әсер етеді. Сонымен қатар В.Школьник бір үйде тұратын адамдар шамасы келгенше бір көлікке отырып жұмысқа бару үрдісін енгізу керектігін жеткізді. Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, жанармай бағасы бүкіл әлемде өсіп жатқан кезде адамдар осы тектес тиімді шараларға назар аударуы қажет. «Германияны мысалға кетіретін болсақ, олар бір көлікке отырады немесе қоғамдық көлікпен жүреді. Сондықтан бізге де үнемшіл болған дұрыс», - деп тоқталды В.Школьник. Бұл тұрғыда ол жалғыз өзі ғана көлікпен жүретін шенеуніктер осы мәселеге мән беруі тиіс екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар