Владимир Смирнов Шаңғы жарысы ұлттық федерациясының жаңа басшысы қызметіне кірісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Шаңғы жарысы ұлттық федерациясының жаңа басшысы қызметіне Владимир Смирнов тағайындалды. Бұл туралы аталған федерацияның баспасөз қызметінен хабарлады.
2015 жылдың 3 мамырынан бастап, Өмірзақ Шүкеев Қазақстан Республикасы Шаңғы спорт түрлері қауымдастығын басшылық етеді. Жаңа қызметке тағайындалуына байланысты мұның алдында жетекшілік еткен федерация президенті лауазымынан кетіп, өзінің орнына Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Олимпиада чемпионы (Лиллехамер қаласы, Норвегия, 1994 жыл), әлемнің төрт дүркін чемпионы, қысқы Олимпиада ойындарының төрт дүркін күміс және екі дүркін қола жүлдегері, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Смирнов Владимир Михайловичті ұсынды.