Владимир Толоконниковпен қоштасу дүйсенбі күні Алматыда өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 17 шілде күні Алматыда актер Владимир Толоконниковпен қоштасу рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.
None
None

Өнер иесіне арналған қоштасу рәсімі Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында өтеді.

В.Толоконниковтың туыстарының қалауымен актер Ресейде Троекуровск зиратына жерленеді. Онымен қоштасу рәсімі Мәскеудегі Кино үйінде өтеді.

«Өнер жолында - 45 жыл, кинода - ондаған рөлдер, театр сахнасындағы ұмытылмас образдар, үнемі көрерменнің ықыласына бөлену. Мұның бәрі -ақ адамға - Владимир Толоконниковке қатысты. Атақты актердің жатқан жері жайлы болсын», - деп атап өтті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске салайық, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ұзақ аурудан кейін бүгін түнде Мәскеуде қайтыс болды.

Қайғылы хабарды Ресей әртістерінің гастролін ұйымдастырушы Константин Харалампидис хабарлады.

Кейінірек бұл ақпарды «Қазақфильм» баспасөз хатшысы Дмитрий Шишкин растады.

«Қайғылы жаңалық. Бүгін түнде ұзақ сырқаттан кейін Владимир Толоконников қайтыс болды. Қазір оны ақтық сапарға шығарып салу жұмыстарымен марқұмның досы, режиссер Константин Харалампидис айналысып жатыр. Әзірге нақты ақпарат жоқ, бірақ қоштасу рәсімі сейсенбі күні Мәскеудегі Кино үйінде өтеді деп күтілуде. Ал денесі Троекуровск зиратына жерленеді. Еліміздің талантты әртістерінің бірінің жатқан жері жайлы болсын", - деді Дмитрий Шишкин.

Соңғы жаңалықтар