Владимир Жұмақанов ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Владимир Жұмақанов ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 Владимир Жұмақанов ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды

 «В.З. Жұмақановты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы  болып тағайындалсын.

 

Қазақстан Республикасының

              Президенті                                                                                                                    Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 13 қыркүйек

                        № 334