Тимур Пірімбетов Қазақстанның Мексика Құрама Штаттарындағы Елшісі қызметіне тағайындалды

тимур владимирұлы
Фото: ҚР СІМ

Тимур Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды»,-делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Тимур Владимирович Пірімбетов 1973 жылы 17 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Дипломатиялық қызметін 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Америка департаментінде референт қызметінен бастап, содан кейін атташе және үшінші хатшы қызметтерін атқарды.

1999-2004 жылдары ҚР Испаниядағы Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы болып жұмыс істеді.

2004-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің протоколда қызмет етті, онда протокол бастығының орынбасары лауазымына дейін барлық сатылардан өтті. 2018-2019 жылдары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі болды.

2019 жылдың қараша айынан бастап Қазақстанның Мексикадағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін Қазақстанның Латвиядағы Елшісі болды.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежеге ие.

Испан және ағылшын тілдерін меңгерген.

Соңғы жаңалықтар