Владислав Челах iсi бойынша ҚР Жоғарғы Сотының қадағалаушы сот алқасының отырысы адвокат Серiк Сәрсеновтiң келмеуiне байланысты кейiнге қалдырылды

АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат - Владислав Челах iсiн қайта қарау бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының отырысы адвокат Серiк Сәрсеновтiң келмеуiне байланысты кейiнге қалдырылды.

Владислав Челах iсi бойынша ҚР Жоғарғы Сотының қадағалаушы сот алқасының отырысы адвокат Серiк Сәрсеновтiң келмеуiне байланысты кейiнге қалдырылды

"Адвокат сот процессiне келе алмайтын жағдайда сотқа телеграмма жолдауы тиiс болған. Сот iсiн қайта қарауға өтiнiш берген тарап немесе олардың мүддесiн қорғайтын адвокат оны iстемеген. Сондықтан iстiң өзектiлiгiне байланысты бiз адвокат Сәрсеновтiң қолдаухатын қарауды бүгiн, 14:00 сағатқа ауыстыруды шештiк. Егер ол келмейтiн болса, заңнамаға сәйкес iстi қарауды жалғастырамыз", - дедi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Дәулен Нұралин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мамандандырылған ауданаралық әскери соттың 2012 жылғы 11 желтоқсандағы үкімімен әскери қызметші В. Челах ҚР ҚК-ның 96-бабының 2-бөлігінің «а,в,д,к,н,», 172-бабының 1-бөлігінде, 175-баптың 2-бөлігі. «б, в» тармақтарында, 255-бабы 3-бөлігінің «а» тармағында, 251-бабының 1-бөлігінде, 387-бабының 2-бөлігінде, 145-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Қазіргі уақытта ол ерекше режімдегі түзеу колониясында өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр.