Владислав Челах өзін кешіруді өтінбек

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Владислав Челах өзін кешіруді сұрамақ.
None
None

Бұл сенсациялық жаңалықты Владислав Челахтың қорғаушысы Серік Сәрсенов «Время» газетіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлім етті. С. Сәрсеновтің айтуынша, 2012 жылғы 11 желтоқсандағы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аумақаралық әскери сотының Челахты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкіміне кассациялық арыз дайын.

«Оны 25 сәуір күні жолдаймын. Ал 26 наурыз күні мені қорғаушы лицензиясынан айыру туралы жеке тұлғаның қаулысын кассациялық тәртіпте қайта қарауды сұрамақпын. Мен мұны Әділет министрлігінің мені лицензиядан айырмау туралы шешіміне қарамастан жасаймын», - деп мәлімдеді ол.

Басылымның жазуынша, қорғаушы В. Челахпен кездесуге әлі барған жоқ. «Әзірге кездесудің мәні жоқ. Одан қағазды алу үшін қадағалау инстанциясының алдында жолығамын... Қолымызда бір көзір болу үшін қандай қағаз екенін айтпай-ақ қояйын. Сол кезде ол кешіру туралы өтінішін жазады», - деп түсіндірді С. Сәрсенов.

Соңғы жаңалықтар