Владислав Челахтың ата-анасы жақын арада ұлымен кездесе алады

АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Владислав Челахтың ата-анасы жақын арада ұлымен кездесе алады. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

Владислав Челахтың ата-анасы жақын арада ұлымен кездесе алады

«Тергеу  В. Челахтың жақындарымен кездесуге кедергілер туындатып жатыр деген хабарға тоқталатын болсақ, меніңше, бұл мәселе  күдіктінің туысқандары тарапынан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің сөздері мен нұсқауларын дұрыс түсінбеуден болып отыр», - деді Н. Сүйіндіков.

 «Ешқандай да проблемалар жоқ. Оның жақын туысқандары бекітілген қылмыстық-процессуалдық заңнама аясындағы талаптарға сәйкес кездесе алады. Менің білуімше,  тергеу бастамасы бойынша осындай мүмкіндік қарастырылуда», - деп түйіндеді ресми өкіл.