Владивосток тұрғыны 20-шы қабаттан құлап кетіп, аман қалды

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Владивостокта ер адам 20-шы қабаттан құлап кетіп, аман қалды, деп хабарлады "Вести.Ru".

Владивосток тұрғыны 20-шы қабаттан құлап кетіп, аман қалды

Ол шылым шекпек болып терезеден басын шығарған кезде құлап кеткен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған оқиға жайлы жәбірленушінің туыстары мен көршілерін сұрастыра бастаған. Олардың мәлімдемесіне қарағанда, ер адам абайсыздықтан емес, өз-өзіне қол жұмсамақ болған әрекетінен құлаған.

Басқа БАҚ-тың мәліметтеріне қарағанда, ер адам жол талғамайтын көліктің үстіне құлаған. Куәгерлер оқиға орнына жедел-жәрдем көлігін шақырған. Дәрігерлер оның қатты жарақаттанғанын айтып отыр. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімшесінде.