Владивостокта әйел жүргізушінің бірнеше адамды қаққан сәті видеоға түсіп қалған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Владивосток қаласында джипке мінген әйелдің жүргінші жолда өтіп бара жатқан бір топ адамды қаққан сәті түсірілген видео жарияланды.
Келеңсіз оқиғаны YouTube арнасына «Вести: Приморье» салған.
Автомобиль салонында орнатылған видеожазбада бір топ адамның жасыл жарық жанған кезде өтіп бала жатқаны анық көрінеді.
Жүргізушінің не себепті бұлай жүргені, неліктен рульге ие бола алмағаны белгісіз. Өкінішке орай адамдарды қаға-маға өте шыққан.
Үш адам ауруханаға жеткізілді.