Владивостоктан шыққан «Еуразиялық достық пойызы» Транссібір магистралі арқылы Берлинге дейін барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Еуразиялық достық пойызы» халықаралық жобасы аясында Оңтүстік Кореяның шамамен 200 өкілі сәрсенбі күні Владивостоктан Берлинге пойызбен шығады, деп хабарлады «РИА Новости».

Владивостоктан шыққан «Еуразиялық достық пойызы» Транссібір магистралі арқылы Берлинге дейін барады

200 адамнан тұратын делегация 20 күнде Транссібір магистралі арқылы Владивосток - Мәскеу - Берлин бағыты бойынша сапар шекпек.

Пойыз Ресейдің ірі қалаларында тоқтайды. Оларда форумдар, семинарлар, мәдени шаралар ұйымдастырылмақ.

Корея Республикасының үкіметі ұйымдастырған халықаралық шара Еуразия елдері арасындағы достық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталып отыр.