Внуководағы ұшақ апатына байланысты әуежайдың 4 қызметкері қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Внуково әуежайының 4 қызметкері «Falcon» ұшағының апатқа ұшырауына байланысты күдікті ретінде қамауға алынды, деп хабарлады «ТАСС».

Внуководағы ұшақ апатына байланысты әуежайдың 4 қызметкері қамауға алынды

РФ Тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркиннің айтуынша, олар күдікді ретінде тергелуде. Тергеу амалдары көрсетіп отырғандай, олар қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағаламағандықтан апатты жағдай орын алды.