Внуководағы ұшақты мыңдаған ара жаулап алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеулік Внуково әуежайында аралар Airbus-319 жолаушылар ұшағын жаулап алды, деп хабарлады LifeNews әуежай қызметкерлеріне сілтеме жасап.
Ұшақ ұшуға дайын болған кезде қанатының астынан мыңдаған жәндік ұшып шығып, иллюминаторларды жауып тастады. Аралар борт салонына кірді деген күдікпен жедел-жәрдемнің екі бригадасын шұғыл шақыртқан әуежай қызметкерлері оқиға орнына жетті.
Аралар қуылып, ұшақ Петерборға кешігіп ұшқан.