vOICe дыбысты көзілдіріктерінің көру қабілеті нашар адамдарға көмегі ерекше болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде көру қабілеті нашар адамдардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін құрылғы жасалуда.

vOICe дыбысты көзілдіріктерінің көру қабілеті нашар адамдарға көмегі ерекше болмақ

Жоба авторлары мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесіне бей-жай қарай алмаған. vOICe жүйесі көзі көрмейтін адамды ешкімнің көмегінсіз-ақ жүріп-тұра алатындай суррогатты көзбен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық телеарнасының ресми сайты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, әлем бойынша ондаған миллион адам көзі көрмеушіліктен азап шегуде. vOICe жүйесі дыбыстық сигналдар кешенiне бейнекамерадан түскен бейнелердi өзгерту арқылы жұмыс істейді. Ми оларды қара-ақ сурет аналогы ретінде қабылдайды. vOICe жүйесін пайдаланушы қозғалыстағы объектіні және ірі әріптерді көре алады. Сондай-ақ, құрылғыда Wi-Fi қабылдай алатын видеокөзілдірік және кішігірім компьютер бар.