«Вокзал Сервис» АҚ филиалының директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Вокзал Сервис» АҚ Оңтүстік өңірлік филиалының директоры О. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады.
None
None

Қаржы полициясы баспасөз қызметінің мәліметінше, директор Алматы-2 вокзалындағы толық жөндеумен айналысқан «Универсал строй ЛТД» ЖШС мердігері өз жұмысын толық атқармағандығы жайында білген.

Ол орындалған жұмыстардың актілері, сондай-ақ атқарылған жұмыстардың көлемі және сапасы тұрғысында еш тексерусіз жасалған жұмыстың құны мен шығыстар туралы анықтамалар бойынша әдейі жалған мәліметтер қамтылған құжатқа қол қойған. «Осы арқылы заңмен қорғалатын мемлекет мүддесіне едәуір нұқсан келтірді»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар