07:36, 06 Қараша 2013 | GMT +5
Вокзалды жөндеу кезінде соғыстан қалған снаряд табылды
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Бельгиядағы Монс қаласының вокзалында жүргізілген құрылыс жұмыстары кезінде Екінші дүниежүзілік соғыстан қалған снаряд табылды.

Әскери саперлер қауіпті затты шығарып, оны жойды.
Вокзал аумағындағы пойыздар қозғалысы осы шара кезінде тоқтатылды. Бұл осы желідегі қосымша кешігулерге соқтырды.
Атап өту керек, осыған дейін пойыздар қозғалысының тоқтауына машинистердің бс көтеруі себеп болған еді. Қозғалыс толығымен сәрсенбі күні таңға қарай қайта қалпына келтіріледі деп күтілуде.