Волейбол: Алматыда Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары өтуде

АЛМАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда волейболдан Жоғары лиганың "А" тобындағы ерлер командалары арасында XIX Қазақстан чемпионатының 1-турының ойындары өтуде. Онда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «ОҚМУ-Қазығұрт» командасы барлық қарсыластарын ұтуда.

Волейбол:  Алматыда  Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары өтуде

Алғашқы 3 күннің қорытындысы бойынша «ОҚМУ-Қазығұрт» турнир кестесінде көш бастады. Олар "ҚазҰАУ"-ды 3:0, "Жайық-Конденсат" пен «Ертіс-АО АҚ» командаларын 3:1 есебімен ұтты. Ал "ҚазҰУ" Алматы қаласының келесі бір командасын ( ЦСКА) 3:1, атыраулықтарды (Атырау-2) 3:0 есебімен жеңді. Оралдың "Жайық-Конденсаты" мен Павлодардың "Ертіс-АО АҚ" арасындағы кедесу 1:3 боп аяқталды. Өзге кездесуде оралдықтар Қызылжардың "Есіл-Викториясын (3:0) ұтса, павдарлықтар Астананың "Ұшқын-Искрасына" 1:3 есебімен есе жіберді.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің спорт залында өтіп жатқан бұл жарыс 9-қарашада басталған болатын. Ол 16 қараша күні мәреге жетеді.