Волейбол: Алматылықтар көш тізгінін ешкімге берер емес

АЛМАТЫ. 9 наурыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Оралда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 4-тур ойындары өтіп жатыр.

Волейбол: Алматылықтар көш тізгінін ешкімге берер емес

Алғашқы 3 турдың қорытындысы бойынша «Алматы», «ТНК Қазхром» (Хромтау) және Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс»(Өскемен) командалары үздік үштікті түйіндеген болатын. 4-турда олардың үшеуі де алғашқы ойындарын сәтті өткізді. Аалматылықтар атыраулықтарды, өскемендіктер қызылжарлық «Есілді» 3:1 есебімен ұтса, ал хромтаулықтар оралдық «Конденсаттан» 3:2 есебімен басым түсті. Бүгінгі ойында «Атырау» мен «Есіл», «Алматы» мен «ТНК Қазхром», «Конденсат» пен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» командалары өзара кездеседі.

Жалпы 8 наурызда жалауы көтерілген бұл жарыс 13 наурызға дейін созылады. Ақтық сында қызылжарлықтар хромтаулықтармен, өскемендіктер атыраулықтармен, ал алматылықтар жарыс қожайындарымен сынға түсетін болады.