Волейбол: Әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатында "Жетісу" командасы көш бастап келеді
АЛМАТЫ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы Октябрь Жарылғапов атындағы спорт кешенінде волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында өтіп жатқан ХІХ Қазақстан чемпионатының 2-турында Алматы облысының «Жетісу» командасы көш тізгінін өз қолына берік ұстауда.
Бүгін олар Қарағанды облысының («Қарағанды») командасын ойсырата ұтты (25-19, 25-18, 25-18). Ал астаналықтар мен Павлодар облысының «Ертіс-Қазхром», теміртаулық «Металлург АМТ» пен алматылықтар арасындағы кездесулер 3:1 есебімен аяқталды. Алғашқы турда 2-орын алған қарағандылықтар бұл жолы қатарынан екінші рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр.