Волейбол: Азия чемпионатында қазақстандық қыздар жүлдеден тыс қалды

АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Тайпей қаласында әйелдер командалары арасында өтіп жатқан XVI Азия чемпионатының алғашқы кезеңі қазақстандықтар сүреңсіз өнер көрсетті.
None
None

«С» тобында ойнаған Бақытжан Бәйтөреевтің тәлімгерлері жарыстың алғашқы күні үндістандықтарды 3:1 есебімен ұтқанымен, одан кейін солтүстік кореялықтарға 1:3, қытайлықтарға 0:3 есебімен есе жіберді. Соның нәтижесінде олар өз тобында 3-орын алып, жүлделі орындарға таласу мүмкіндігінен айрылып қалды. Енді өз тобында 1-2 орын алған командалар 1-8 орынға, ал өзгелері 9-13 орынға таласатын болады.

Соңғы жаңалықтар