Волейбол: Азия чемпионатында қазақстандықтар 9-орын үшін Австралиямен кездесуде

АЛМАТЫ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Қытайдың Тайпей қаласында әйелдер командалары арасында өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында қазақстандықтар алғашқы ондықтың қатарына енді. Бүгін олар Австралия құрамасымен 9-орынды сарапқа салуда.
None
None

Қыркүйектің 15-і күні басталған бұл дүбірлі додада Бақытжан Байтөрев жаттықтыратын ел құрамасы алғашқы кезеңде өз тобында 3-орын алып, 1-8 орынға таласу мүмкіндігінен айрылып қалған болатын. Дүйсенбіде индонезиялықтарды (25-18, 25-15, 25-16), сәрсенбіде шри-ланкалықтарды (25-9, 25-21, 25-9) 3:0 есебімен ойсырата ұтқан олар енді 9-орынға таласуға қол жеткізіп отыр.

Жалпы Азия чемпионатына биыл құрлықтың үздік 13 командасы қатысты. Олар бұл бәсекеде Азия чемпионатының медальдары мен Жапонияда өтетін Әлем кубогының жолдамасын сарапқа салуда. Ол сондай-ақ, 2012 жылғы Олипиада ойындары мен Әлемдік Гран-При жарсының іріктеу турнирі саналады.

Соңғы жаңалықтар