09:30, 23 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Волейбол: Азия чемпионатында қазақстандықтар тайландтықтрдан басым түсті
АЛМАТЫ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ерэжанұлы/ - Тегеран қаласында волейболдан ерлер командалары арасында өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында қазақстандықтар екінші ойынын сәтті өткізді.

Геннадий Паршиннің шәкірттері Тайланд құрамасынан 3:2 (25-13, 18-25, 22-25, 25-20, 15-12) есебімен басым түсті. Бұған дейін олар алғашқы кездесуде дәл осындай есеппен Пәкістан құрамасына есе жіберген еді. Енді олар бүгін «С» тобындағы ақтық ойынын өткен жылы Азия чемпионы болған Жапония волейболшыларымен өткізеді. Жапондықтар бұған дейін тайландтықтарды 3:0, пәкістандықтарды 3:2 есебімен ұтқан болатын.