ВОЛЕЙБОЛ: Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы солтүстік кореялықтарға есе жіберді

АЛМАТЫ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Қытайдың Тайпей қаласында волейболдан әйелдер арасында өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Бақытжан Байтөреевтің тәлімгерлері Солтүстік Корея құрамасына 1:3 (25-19, 20-25, 23-25, 21-25) есебімен есе жіберді.
None
None

Кеше олар Үндістан құрамасын 3:1 (22-25, 27-25, 25-18, 25-10) етіп ұтқан болатын. Енді олар алғашқы кезеңдегі ақтық ойынын ертең Қытай спортшыларымен өткізеді. Бұған дейін қытайлықтар солтүстік кореялықтарды 0:3 (19-25, 15-25, 15-25) есебімен ойсырата ұтқан болатын. Бұл бұл сында өз тобында 1-2 орын алған командалар жарыстың келесі кезеңінде 1-8 орынға, ал 3-4 орын алғандар 9-14 орындарға таласатын болады.

Соңғы жаңалықтар