15:30, 26 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Волейбол: Азия чемпионатында жерлестеріміз өз тобында 3-орын алды
АЛМАТЫ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Тегеранда өтіп жатқан ерлер командалары арасындағы XVI Азия чемпионатында қазақстандықтар 9-16-шы орын үшін таласуда.

Иран астанасындағы бұл дүбірлі додаға құрлықтың үздік 16 командасы қатысқан болатын. Онда алғашқы кезеңде өз тобында 1-2-ші орын алған Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Австралия, Шри-Ланка, Иран мен Пәкістан жүлделі орындарға таласуға мүмкіндік алды. С тобында 3-орын алған Геннадий Паршиннің тәлімгелері алғашқы енді 9-16 орындарды сарапқа салуда. Олар екінші кезеңдегі бірінші ойынын кеше Ауғанстан құрамасымен өткізіп, 3:0 (25-14, 25-13, 25-9) есебімен басым түсті. Енді бүгін Тайпей волейболшыларымен күш сынасып жатыр. Чемпионаттың қорытындысы 29 қыркүйекте өтетін ақтық ойында белгілі болады.