Волейбол: бүгін Павлодарда ерлердің ұлттық лига командалары арасында «үлкен» екінші тур ойындары басталады

ОРАЛ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар қаласында ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХІІ чемпионаты «үлкен» екінші турының ойындары басталады.

Волейбол: бүгін Павлодарда ерлердің ұлттық лига командалары арасында «үлкен» екінші тур ойындары басталады

Еске сала кетейік, біріншілікте 27 ұпаймен Оралдың «Конденсат-Жайықмұнай» командасы жеке-дара көш бастап келеді. Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысы» (23 ұпай) екінші, ел чемпионы «Алматы» мен «ТНК «Казхром» командалары (19 ұпай) үшінші-төртінші орындарды бөлісуде. Игорь Никольченко жаттықтыратын батысқазақстандықтар биылғы чемпионатта әзірге жеңіліп көрген жоқ. «Конденсат-Жайықмұнайда» негізінен Орал волейболының түлектері ойнайды. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Виталий Вориводин бабында, сондай-ақ соңғы жылдары Антон Кузнецов, Владимир Кузнецов, либеро Мирлан Бадашев, Айдын Әділбеков сынды жас волейболшылар өсіп келеді. Байланыстырушы, украиналық легионер Роман Хандролин де сәтті ойнауда. Бұл жолы оралдықтар 27 қаңтар күні «Тараз», 28-інде «Павлодар», 30-ында «Алматы», 31-інде «ШығысҚорғасынҚұрылыспен» күш сынасады.