Волейбол: Ел чемпионатының 1-турында алматылықтар мен өскемендік жеңіліссіз келеді

АЛМАТЫ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Хромтауда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 1-тур ойындары өтіп жатыр.

Волейбол: Ел чемпионатының 1-турында алматылықтар мен өскемендік жеңіліссіз келеді

Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша «Алматы» және Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» командалары ғана жеңіліссіз келе жатыр. Алматылықтар Қызылжардың «Есіл» және Хромтаудың «ТНК Қазхром» командаларын 3:2 есебімен ұтты. Ал «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» "Атырау" командасын 3:0, ал "Есілді" 3:1 есебімен жеңді. Алғашқы күні жарыс қожайыны "ТНК Қазхром" клубынан 3:0 есебімен ойсырай ұтылған Оралдың "Конденсаты" екінші ойында атыраулықтардан дәл осындай есеппен басым түсті. Ал атыраулықтар екі ойында да қарсыластарынан ірі есеппен ұтылып, турнир кестесінде көш соңында келеді.