Волейбол: Ел чемпионатының 5-турынан кейін де "Жетісу" командасы көш бастап келеді

АЛМАТЫ. 3 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Астанада волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 5-тур ойындары аяқталды.

Волейбол: Ел чемпионатының 5-турынан кейін де  "Жетісу" командасы көш бастап келеді

Наурыздың 28-і мен сәуірдің 2-сі аралығында өткен бұл бәсекеде Алматы облысының «Жетісуы» барлық кездесуді (бір кездесуді ғана 3:2, ал қалғаны 3:0 есебімен) аяқтап ұпай қорын 39-дан 49-ға дейін жеткізді. Үздік үштіктегі Қарағанды облысының «Қарағандысы» 33-тен 42-ге, Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромы» 33-тен 41-ге ұлғайтты. Ал турнир кестесінің екінші жартысынан орын тепкен астаналықтар - 7 (36), алматылықтар - 5 (30) және теміртаулық «Металлург АМТ» командасы 6 (27) ұпай жинады. Енді 19-24 сәуір күндері Талдықорғанда 6-тур өтеді. Бұл Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының ақтық кезеңі болмақ. Жалпы айналым жүйесі бойынша өтетін ел чемпионаты 6 турда тұрады.