Волейбол: Италиядағы халықаралық турнирде қыздар құрамасы 6-орын алды
АЛМАТЫ. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Италияның Порденон қаласында 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында волейболдан 19 жасқа дейінгілер арасында ХХХІ «Memorial Ferruccio Cornacchia» халықаралық турнирі өтті.
Бұл бәсекеде Людмила Перевертова жаттықтыратын қыздар құрамасы АҚШ, Венгрия, Италия, Германия, Словакия, Хорватия, Швейцария елдерінен келген 16 команданың арасында 6-орынға табан тіреді. Үздік үштікке АҚШ-тың Миннеаполис қаласының «Northern Lights» , Италияның «Argentario» командалары мен Словакия құрамасы енді.
Ал Григорий Неклюдов баптайтын ерлер құрамасы болса Белгия, Болгария, Германия, Италия, Ресей, Швеция, Швейцария және Чили елдерінің 16 командасы арасында 11-орынды қанағат тұтты. Онда 1-3 орындарды Ресей, Швеция және Италия құрамалары өзара бөлісті.