Волейбол: Қазақстан әйелдер құрамасы іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таиландта волейболдан әйелдер арасындағы іріктеу турнирі өтіп жатыр. Бүгін, 9 қаңтарда Қазақстан командасы кезекті ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Волейбол: Қазақстан әйелдер құрамасы іріктеу турнирінің жартылай финалына шықты

Біздің спортшыларымыз Оңтүстік Корея командасымен кездесіп, матч 0:3 есебімен аяқталды. Осылайша, Қазақстан топ ішінде екінші орынды иеленді. Бұл көрсеткіш турнирдің жартылай финалына шығуға мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, жарыс нәтижесінде 2020 жылғы Олимпиада ойындарына жолдама беріледі.