Волейбол: Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарында «Жетісу» командасы қарсыластарын ойсырата ұтуда
АЛМАТЫ. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Талдықорғанда өтіп жатқан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарында «Жетісу» командасы көш басына мықтап орнықты. .
Олар сейсенбі күні жеңіліссіз келе жатқан «қарағандылықтарды» 3:0 (25:18, 25:19, 25:20) есебімен ойсырата ұтып, ұпай саны бойынша турнир кестесінде топ бастаған болатын. Кеше Теміртау қаласының «Металлург» командасын ұтқан Алматы облысының волейболшылары, турнир кестесіндегі жағдайларын одан әрі жақсартты. Ал Қарағанды қаласыныңволейболшылары турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта алмады. Олар Павлодар облысының «ЕртісҚазхромына» 0:3 (22:25, 23:25, 16:25) есебімен есе жіберді. Мұндай есеп «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен «ЦСКА Алматы» арасындағы кездесуде тіркеліп, бұл ойын өскемендіктердің пайдасына шешілді.