Волейбол: Қазақстан кубогының ширек финалында Алматының намысын 2 команда қорғайтын болды

АЛМАТЫ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Хромтауда 16-23 қазан күндері волейболдан ерлер арасындағы Қазақстан кубогының ширек финалдық ойындарына қатысатын командалар анықталды.
None
None

2-7 қазанда Өскеменде өткен алғашқы раундта күш сынасқан 10 команданың ішінен үздік шыққан төртеуі енді ширек финалда бақ сынайтын болды. «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен), «Атырау», «Есіл» (Қызылжар), «Ұшқын-ҚазҰАУ» (Алматы) волейболшылары енді «Алматы», «ТНК Қазхром» (Хромтау), «Конденсат» (Орал), «Павлодар» командаларымен бірге жартылай финалдың жолдамасына таласатын болады. Олардың жетеуі Ұлттық лигадағы командалар болса, «Ұшқын-ҚазҰАУ» Жоғары лиганың «А» дивизионында өнер көрсетіп жүрген ұжым болып табылады.

Соңғы жаңалықтар