Волейбол: Қазақстан кубогының ширек финалында көшбасшылар өзара күш сынасуда

Бүгін «Алматы» мен «Конденсат-Жайықмұнай» арасындағы сайыстан кейін турнир кестесіне өзгереді деп күтілуде. Бұл сайыс павлодарлықтардың жағдайын жақсартуы мүмкін. Өйткені алғашқы 2 командадан ұпай коэффиценті бойынша ғана артта келе жатқан олардың бұл жолғы қарсыласы турнир кестесінің соңындағы Қызылжардың «Есілі» болып отыр. Павлодарлықтарға 1:3 боп есе жіберіп, алматылықтардың «Ұшқын-ҚазҰАУ» командасын 3:0 есебімен жеңіп, 3 ұпаймен 4-ші орынға тұрақтаған өскемендіктер қоржыны бос келе жатқан атыраулықтармен айқасуда. Ал алматылықтарға 3:0 есебімен есе жібергенімен, дәл осындай есеппен «Есілдің» есін алған хромтаулық «ТНК Қазхром» ұпайлары толық үшеудің бірі саналатын «Ұшқын ҚазҰАУ»-мен күш сынаспақ.
Жалпы 16-қазанда басталған бұл жарыс алдағы сәрсенбі күні өз мәресіне жетеді. Онда үздік шыққан 4 команданың ғана жартылай сынға жолдама алатынын ескерсек, кімнің қандай мүмкіндігі бар екендігі қазірден-ақ байқала бастағандай. Дегенмен оның нақты нәтижесі 23-қазанда белгілі болмақ.