ВОЛЕЙБОЛ: Қазақстан құрамасы Азия кубогының күміс жүлдесін еншіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасы Вьетнамда Азия кубогының күміс жүлдесін еншіледі. Финалдық ойында жерлестеріміз Қытай құрамасына есе жіберді - 19:25, 19:25, 13:25.
Бұл туралы sports.kz хабарлады.
Қола жүлдені үшінші орын үшін таласта Жапон құрамасын үш партияда да жеңген Таиланд волейболшылары иеленді.
Волейболдан әйелдер арасында Азия кубогы 2008 жылдан бері әр екі жыл сайын өткізіліп келеді. Қытай құрамасы бұл турнирде осымен төртінші мәрте жеңіске жетіп отыр. Қазақстан құрамасы болса, 2012 және 2014 жылдары қола жүлде еншілеген. Ең үздік нәтижесі биыл тіркеліп отыр.
Командалардың қорытынды нәтижесі:
1. Қытай
2. Казақстан
3. Таиланд
4. Жапония
5. Кытайлық Тайпей
6. Иран
7. Вьетнам
8. Оңтүстік Корея.