Волейбол: Қазақстандық клуб әлем чемпионатына барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Чжэцзян қаласында волейболдан клубтар арасында өтетін әлем біріншілігіне Қазақстан тарихында алғаш рет Өскеменнің «Алтай» клубы қатыспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Волейбол: Қазақстандық клуб  әлем чемпионатына барады

Юрий Панченко жаттықтыратын команда алғашқы ойынын 4 желтоқсан күні өткізеді. Бүгінде «алтайлықтар» чемпионат алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарын Алматыда өткізіп жатыр.

Аталған ақпарат көзінде «Алтай» құрамы биыл көптеген легионерлермен толықтырылған. Алайда, отандық волейболшылардың үлес салмағы басым.

Әлем біріншілігіне Өскеменнің «Алтай» командасы түркиялық «Эджзачибашы», бразилиялық «Прайя» және таиландтық «Суприм» командаларымен бір топта ойнайды.

Клубтар арасындағы әлем чемпионатында сынға түсетін «Алтай» командасының құрамы төмендегідей:

Сана Анарқұлова, Кристина Аниконова, Ольга Дробышевская, Әлия Садықова, Наталья Шаршакова, Наталья Маммадова, Матея Икич, Наталья Акилова, Татьяна Фендрикова, Кристина Белова, Айнагүл Айжарықова, Сильвия Попович, Бояна Радулович, Айдана Орынтаева, Ана София Юсино, Ботагөз Сәрсенбаева.