Волейбол: Қазақстандық қыздар Азия чемпионатының ширек финалында Қытай құрамасымен кездеседі

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Вьетнам еліндегі жастар командалары арасындағы XV Азия чемпионатында 1-8 орындар үшін өтіп жатқан сында қазақстандық қыздар қатарынан екінші рет жеңілістің ащы дәмін татты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Топтық кезеңде үздік шыққан Перевертова мен Анатолий Дьяченконың тәлімгерлері Тайпей мен Тайланд құрамаларына ойсырай ұтылды. Тайпейліктермен өткен ойын 13:25,22:25,19:25 есебімен аяқталса, тайландтықтармен өткен кездесу 9:25,17:25,7:25 болды. Қазақстандықтар ертең ширек финалда Қытай құрамасымен сынға түседі. Ал үндістандықтар австралиялықтармен, ирандықтар жаңа зеландиялықтармен тайландтықтар индонезиялықтармен, жапондықтар вьетнамдықтармен, фиджиліктер шриланкалықтармен, тайпейліктер кореялықтармен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар