Волейбол: Қазақстанның құрамасы бірінші орынға көтерілді
АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Тайландта өтіп жатқан әйелдер арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орынға ие болды.
Кеше біздің волейболшы қыздарымыз Австрия құрамасын 3:1 (25:16, 25:15, 24:26, 25:18) есебімен ұтып, жалпы 9 ұпай жинады. Осының арқасында «А» тобында бірінші орынға шығып, ширек финалға жолдама алды. Бұған дейін Қазақстанның волейбол командасы өз тобындағы Тайланд пен Моңғолия командаларын жеңген болатын.