Волейбол: Өскеменде Азияның клубтық чемпионаты өтеді
ӨСКЕМЕН. Қазақпарат - 11-18 шілде аралығында Өскеменде волейболдан әйелдер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-нің мәліметінше аталған додаға құрлықтың 9 командасы қатыспақ.
Командалар үш топқа бөлінген. «А» тобында Тайланд, Жапония және Қытай құрамалары өзара мықтыны анықтайды. Ал Қазақстан «В» тобында қытайлық Тайпей және Иран құрамаларымен сынға түседі. Отандастарымыз Азия чемпионатындағы алғашқы ойынды Иранға қарсы өткізеді. Сондай-ақ, «С» тобында Вьетнам, Индонезия және Шри-Ланка құрамалары бір-біріне қары ойнайды.
Клубтар арасындағы Азия біріншілігінде ел чемпионы атанған «Алтай» волейбол командасы сынға түседі.
Осы орайда айта кетейік, волейболшылар мамырдың аяғында Түркия елінде екі апталық жаттығу жиындарын өткізіп келген болатын.