12:05, 16 Ақпан 2013 | GMT +5
Волейбол: Өскеменнің «Шығысы» батысқазақстандық қыздардан 3:2 есебімен басым түсті
ОРАЛ. 16 ақпан. ҚазАқпарат - Орал қаласында волейболдан жоғары лиганың «А» тобындағы әйелдер командалары арасында ел біріншілігінің үшінші туры алғасуда.

15 ақпан күнгі қорытынды кездесуде аталмыш лигада көш бастап келе жатқан Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысы» Оралдың «Грация-Астана KZ» командасымен кездесті. Турнир кестесінде үшінші орында тұрған оралдықтар «Шығысқа» барынша қарсылық танытып бақты. Ойын аса тартысты өтіп, 3:2 есебімен «Шығыстың» пайдасына шешілді. Бұл күні сондай-ақ «Қостанай» (Қостанай) Павлодардың «Ертіс-Казхром» командасын 3:0, ал «Спартак АМТ» (Теміртау) «Қарағанды-2» (Қарағанды) клубын 3:1 есебімен жеңді.
Өскемендіктер 17 ақпан күні екінші орында келе жатқан «Қостанаймен» күш сынасады. Ал батысқазақстандықтар қостанайлықтармен үшінші турдың соңғы күні, 18 ақпанда алаңға шығады.