Волейбол ойынын көргісі келген әйел түрмеге қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегі Ираннан шыққан британиялық әйел волейбол ойынын көргені үшін 2 айға түрмеге қамалды, деп хабарлады Independent.

Волейбол ойынын көргісі келген әйел түрмеге қамалды

Иран мен Италияның ерлер құрамасы ойнаған стадионға бір топ қызбен кірмек болған 25 жастағы Гончех Гавами тұтқындалды. Матч 20 маусымда өткен. Біраздан соң оны босатқан, алайда жеке заттарын әкету үшін полицей учаскесіне келген ол қайта қамауға алынды. Бұл жолы оны Гавамиді Тегерандағы Эвин түрмесіне жіберді.

Қамалған қыздың ағасы, 28 жастағы Иман Гавами қарындасы туыстарына хабарласып, 41 күнге қамалғанын айтқаны туралы мәлімдеді.

Гавами - елдегі әйелдерге ерлер арасында өтетін жарыстарды көруге тыйым салатын нормаға қарсылық білдіріп жүрген белгілі белсенділердің бірі. Мұндай заң Иранда Ислам революциясынан кейін 1979 жылы қабылданған.

Иран полициясының бастығы Эсмаил Ахмади Могхадам нормаға сай әйелдерді стадионға кіргізе алмайтынын айтты.

Британиялық билікке бұл жағдай белгілі болды. Олар нәзік жандыға көмектесудің амалдарын іздестіруде. Алайда олардың мүмкіндігі Иранда шектеулі екенін мойындады. «Фейсбукте» белсендіні қолдау мақсатында науқан басталды.