Волейбол: «Тараз» Алматының «Буревестнигін» қапы қалдырды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Талдықорған қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының үшінші турында «Тараз» пен «Буревестник» алаңға шықты.

волейбол
Фото: "Павлодар" волейбол клубы

Алматылықтар осыған дейін қатарынан үш кездесуінде жеңіске жеткен еді.

Ал өткен жылғы ел чемпионы «Тараз» осы маусымды сәтсіз өткізіп келеді.

Бұл жолы тараздықтар қарсыласын 3:1 (25:23, 25:20, 21:25, 2519) есебімен қапы қалдырды.

Сөйтіп, «Тараз» алғашқы үштікке енген командалармен әлі де тайталаса алатындығын танытты.

Көш басындағы Оралдың «Жайығы» ең соңғы орындағы «Ұшқын-Көкшетауды» 3:0 (25:13, 25:17, 25:14) есебімен тізе бүктіріп, ұпай санын 46-ға жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Атыраудың» Талдықорғанда «Жетісу» командасын тізе бүктіргенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар