Волейбол: Ұлттық лигадағы 2-тур ойындарында "Жетісу" командасы көш басындағы орнын сақтап қалды

АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 2-туры аяқталды.
None
None

Қаңтардың 11-і күні Октябрь Жарылғапов атындағы спорт кешенінде жалауын көтерген бұл жарыста Алматы облысының «Жетісу» командасы барлық қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата ұтып, ұпай қорын 20-ға жеткізді. Олар бірінші турда да 10 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастаған болатын. Ал үздік үштіктегі Қарағанды облысының «Қарағанды» және Павлодар облысының «Ертіс-Қазхром» командалары бұл жолы орын алмастырды. Сондай-ақ алғашқы турда 4-5-орынды бөліскен «Алматы» мен Астана» командалары да орын алмастырды. Қазір «Жетісуда» - 20, Ертіс-Қазхромда» -17, «Қарағандыда» - 15, «Астана» мен Алматыда - 14, ал теміртаудың «Металург АМТ» командасында 10 ұпай бар. Ел чемпионатының 3-тур ойындары енді 7-13 ақпанда Павлодарда өтетін болады.

Соңғы жаңалықтар