Волейбол: Ұлттық лигадағы ел чемпионатының кезеңінде алматылық жігіттер хромтаулықтарға ойсырай ұтылды

АЛМАТЫ. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Волейболдан Ұлттық лигадағы ХХІ Қазақстан чемпионатының 5-ші турындағы алғашқы ойында алматылық жігіттер өз алаңында хромтаулықтарға ұпай айырмасын 2-ге дейін қысқартуға мүмкіндік беріп қойды.
None
None

Турнир кестесінде 25 ойыннан кейін 55 ұпаймен көш бастаған «Алматы» 53 ұпаймен өзін өкшелеп келе жатқан басты қарсыласынан осымен 3-ші рет жеңіліс тауып отыр. Бұған дейін олар екі рет 2:3 болып жеңіліп, екі рет 3:2 есебімен басым түскен болатын. Егер басқа командалардың бір ойыны артық екенін ескеретін болсақ алматылықтардың ұпай айырмасын ұлғайтуға әлі де мүмкіндігі мол.

Бүгін олар өскемендіктермен («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс»), ертең «атыраулықтармен», сейсенбіде қызылжарлықтармен («Есіл»), сәрсенбіде оралдықтармен («Конденсат»), бейсенбіде «павлодарлықтармен» кездесетін болады. Бұған дейін олар Өскемен мен Қызылжар командаларын төрт рет, Атырау, Павлодар мен Орал волейболшыларын үш рет ұтқан болатын. Қазір «Конденсатта» - 47, «Павлодарда» - 40, «Атырауда» - 39, «Есілде» - 20, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыста» - 16 ұпай бар.

Соңғы жаңалықтар