Волейбол: Ұлттық лигадағы ерлер командалары ел чемпионатының ақтық турын Талдықорғанда өткізеді

АЛМАТЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Талдықорғанда сәуірдің 26-сы мен мамырдың 1-і аралығында волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 6-туры өтеді. «Жастар» спорт сарайында болатын бұл сайыста Қазақстан чемпионы, күміс және қола жүлдегерлер анықталады.
None
None

Қазір 5 турдың қорытындысы бойынша 47 ұпаймен алматылықтар бірінші, 44 ұпаймен «ТНК Қазхром» (Хромтау) екінші, 39 ұпаймен «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) үшінші орында тұр. Одан кейінгі орындарды «Атырау», «Есіл» (Қызылжар), «Конденсат» (Орал) командалары түйіндеп тұр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум