Волейбол: XV Азия чемпионатында Қазақстан Мальдив құрамасын ұтты

АЛМАТЫ. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Тайландтың Нахонпатом және Ратчабури қалаларында өтіп жатқан жастар арасындағы ерлер командаларының XV Азия чемпионатында кеше Қазақстан құрамасы Мальдив құрамасынан басым түсті.

Волейбол:  XV Азия чемпионатында Қазақстан Мальдив құрамасын ұтты

Қазанның 1-і күні жалауын көтерген бұл турнирде 18 елдің құрамасы қатысып жатыр. Геннадий Паршиннің тәлімгерлері алғашқы кезеңде "С" тобында үшінші орын алған болатын. Кеше 1-8 және 9-16 орын үшін басталған іріктеу матчта Қазақстанның ұлттық құрамасы Мальдива волейболшыларын 3:0 есебімен ұтты. Бүгін олар Жаңа Зеландия спортшыларымен сынға түседі. Жаңазеландиялықтар кеше вьетнамдықтарға 1:3 есебімен есе жіберген болатын.