Волейбол: XV Азия чемпионатында қазақстандықтар 11-інші орын алды

АЛМАТЫ. Қазанның 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Өткен сенбі күні Тайландтың Нахонпатом және Ратчабури қалаларында волейболдан жастар арасындағы ерлер командаларының XV Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Волейбол:  XV Азия чемпионатында қазақстандықтар 11-інші орын алды

Геннадий Паршин жаттықтыратын Қазақстан құрамасы үздік ондыққа кіруге мүмкіндік беретін 9-10-ыншы орын үшін болған жартылай финалда индонезиялықтарға 2:3 есебімен есе жіберді. Одан кейін вьетнамдықтарды 3:0 есебімен ұтып 11 орынды қанағат тұтты. Қазанның 1-і күні жалауын көтерген бұл жарысқа Азияның 16 елі қатысқан болатын. Азия чемпионатында үздік үштікке енген Жапония, Қытай және Үндістан спортшылары енді 2011 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болады.