Волейбол: Жастар арасындағы XV Азия чемпионатында қазақстандықтар дәрежелік матчты сәтті өткізді

АЛМАТЫ. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Волейболдан Тайландтың Нахонпатом және Ратчабури қалаларында өтіп жатқан жастар арасындағы ерлер командаларының XV Азия чемпионатында кеше қазақстандықтар Жаңа Зеландия құрамасын ойсырата ұтты,

Волейбол: Жастар арасындағы  XV Азия чемпионатында қазақстандықтар дәрежелік матчты сәтті өткізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Қазанның 1-і күні жалауын көтерген бұл жарыстың ақтық ойындары сенбі күні өтеді. Геннадий Паршиннің тәлімгерлері алғашқы кезеңде Қытай (3:2) мен Корея (3:2) құрамаларына есе жіберіп, Вьетнам елінен келген құрдастарын (0:3) айқын басымдықпен ұтты. Ал 5-6-сы күндері дәрежелік матчта Мальдивы (25-9, 25-12, 25-14) мен Жаңа Зеландия (25-17, 25-14, 25-19) волейболшыларын ойсырата жеңді. Бүгін 1-8-ші орындар үшін таласатын командалар ширек финалдық ойындарын өткізетін болса, 9-16-шы орын үшін таласатын командалар тынығып жатыр. Қазақстандықтар енді осы екінші топта өнер көрсететін болады.